«Жаңа бағдарлар. Сенімді бағыттар. Клиникалық шешімдер»
2026 жылғы 3–4 қыркүйек | Алматы
Ұйымдастырушылар:
«Артериялық гипертензия және кардиоваскулярлық профилактика мамандарының қоғамы» ҚБ;
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ;
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты.
Конгресс кардиология саласындағы жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшыларды, практикалық дәрігерлер мен денсаулық сақтау мамандарын біріктіріп, жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу, диагностикалау және емдеудің өзекті мәселелерін, заманауи тәсілдерін талқылауға арналған.
Өткізілетін күні: 2026 жылғы 3–4 қыркүйек.
Өткізу форматы: офлайн.
Өткізілетін орны: «Қазақстан» қонақүйінің конференц-залы, Достық даңғылы, 52/2, Алматы қаласы, Қазақстан.
Қатысу тегін.
Конгресстің ғылыми бағдарламасы:
Кардиология саласындағы соңғы жаңалықтар мен жетістіктер;
Еуропалық кардиология қоғамының (ESC) 2026 жылғы жаңартылған ұсынымдары;
Мультидисциплинарлық және дербестендірілген тәсіл: аурулардың коморбидтілігі мәселелері;
Артериялық гипертензия: заманауи көзқарастар мен перспективалар;
Липидтерді төмендететін терапияның тиімділігін арттыру жолдары;
Жүрек-қантамыр ауруларының бастапқы және қайталама профилактикасының өзекті мәселелері, оның ішінде эпидемиологиялық аспектілер;
Жүрек-қантамырлық қаупі жоғары және өте жоғары пациенттерді жүргізу;
Кардиологиялық пациенттердің емге бейімділігі мәселесі;
Кардио-ренальды-метаболикалық синдром;
Кардиологиялық және терапиялық бейіндегі пациенттерді оңалту.
Конгресс аясындағы іс-шаралар:
Пленарлық отырыс;
Ғылыми секциялық отырыстар және симпозиумдар;
Сателлиттік симпозиумдар;
Сараптамалық форумдар;
Жетекші мамандардың шеберлік сабақтары;
Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындары арасында резиденттер байқауы;
Артериялық гипертензия және кардиоваскулярлық профилактика бойынша клиникалық жағдайлар байқауы (ағылшын тілінде);
Медициналық техника мен дәрілік препараттарды өндірушілердің көрмесі.
Қатысу қорытындысы бойынша белгіленген үлгідегі сертификат — 16 академиялық сағат беріледі.
Тіркелу: https://ahcvp2026.online/ahcvp2026-registration
CardioForumQZ 2026 — кардиология саласындағы білім, тәжірибе және заманауи клиникалық шешімдермен алмасуға арналған кәсіби алаң. Бізбен бірге болыңыз!
Регистрация: https://ahcvp2026.online/ahcvp2026-registration
Эксклюзивті серіктес:

Басты серіктестер:


Негізгі серіктестер:

Серіктестер:


